Трамп ирандық футболшы қыздарды өз қамқорлығына алмақ
АҚШ президенті Дональд Трамп Австралиядағы ирандық футболшы қыздардың жағдайына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Masa media.
Трамптың үндеуі
9 наурыз күні ол өзінің жеке әлеуметтік желісі – Truth Social арқылы Австралии премьері Энтони Альбанезеге жүгінді. Трамп Австралия үкіметін Иран әйелдер футбол құрамасының ойыншыларына саяси баспана беруге шақырды.
«Австралия Иранның әйелдер футбол құрамасын Иранға қайтаруға мүмкіндік беріп, өте үлкен гуманитарлық қателік жасап отыр. Онда олар өлтірілуі мүмкін. Мұндай қадамға бармаңыз, премьер-министр мырза, оларға баспана беріңіз», – деді Трамп.
Ақ үй басшысы егер Австралия ирандық спортшыларға қамқорлық жасамаса, мұны АҚШ жасайтынын айтты.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәлімдемеге кекесінмен: «Трамп әдеттегідей суперқаһарман рөлінде, тек шапанының орнына – әлеуметтік желілер», – деп жазды.
Иран гимнінің шырқалмауы
Трамптың ирандық футболшыларға «қамқорлық» танытуына оларды өз елінде «сатқындар» деп атай бастағаны туралы ақпарат себеп болды. Себебі спортшы қыздар AFC Women’s Asian Cup турниріндегі Оңтүстік Корея құрамасына қарсы алғашқы матч алдында мемлекеттік гимнді орындамаған.
Алайда кейінгі екі кездесудің алдында – Австралиямен 5 наурыздағы матчта (0:4) және Филиппинмен 8 наурыздағы ойында (0:2) – ирандық футболшы қыздар гимнді шырқады.
Қазір спортшылар Australia федералдық полициясының бақылауындағы арнайы қауіпсіз жерде орналасқан. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Иранға қайтқысы келмеген жағдайда ойыншыларға қандай қорғаныс шаралары қарастырылатыны туралы түсіндірілген.
фото: apnews.com
07:25
157
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.